АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады

19 наурыз, 2026 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 

«Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.

Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді», - деп жазды Айбек Смадияров.