Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетел азаматы ұсталды

Бүгін, 11:10 / Алуа Арман
polisia.kz

Талдықорған қаласында "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында 27 шетелдік азамат анықталды. Тексеру нәтижесінде қабылдаушы тараптан заң бұзушылықтар тіркелді — шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын заңсыз тарту фактілері анықталды.

Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары көші-қонды бақылау мәселелері қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

– Заңға қайшы келетін әрекеттер, әсіресе көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар, елдің ұлттық және аумақтық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізуде, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, заңнама талаптарын түсіндіруде және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда.

Тэгтер:

шетел азаматы Талдықорған көші қон