Шымкентте ер адамнан 3 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Бүгін, 10:47 / Алуа Арман
polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан ер адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджерлер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және тауарды кеңінен таратуға мүмкіндік берген.

Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтардың жолы заңнамаға сәйкес қатаң түрде кесіледі.

Тэгтер:

Шымкент вейп