Астанада перзентханадан шыққан аналарға тегін берілетін «Дәрі-дәрмек қобдишасы» берілмеген

Бүгін, 10:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы қадағалау барысында денсаулық сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 5-бабының 3) және 4) тармақтарына сәйкес, ана мен баланы қорғау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Атап айтқанда, перзентханадан шығарылған кезде 1 150 ана мен нәрестеге арналған «Дәрі-дәрмек қобдишасы» тегін жиынтығы берілмегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, дәрі-дәрмек қобдишаларымен барлығы қалтылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау жұмысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Тэгтер:

Бала нәресте сәби ана дәрі дәрмек қобдиша