Көкшетау қалалық сотында өзінің бүйрегін сатуға бағытталған заңсыз мәміле жасауға оқталғаны үшін Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соттың ақпаратынша, 2026 жылдың қаңтарында Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны Ж. әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Хабарландыру жарияланғаннан кейін Ж.-ға Көкшетау қаласының тұрғынынан ұсыныс түскен, ол заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға ерікті түрде жәрдемдесті.
«2026 жылдың ақпанында Ж. медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетау қаласына келген, алайда жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталынды.
Сотта Ж. өз кінәсін мойындап, бүйрегін сату туралы хабарландыруды материалдық қиындықтарға және алимент бойынша берешегінің болуына байланысты жариялағанын түсіндірді», - делінген хабарламада.
Жаза тағайындауда сот Ж.-ның жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, алименттік міндеттемелер бойынша берешегінің болуына байланысты ауыр материалдық жағдайын, сондай-ақ жасалған қылмыстың зиянды салдарының болмауын жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді.
Сот үкімімен Ж.-ға 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы