Төрт облыста жол ашылды

Бүгін, 09:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар облыстарында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 19 наурыз сағат 08:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Ақмола облысы

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы ақы алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақы алу пункті).

Ақтөбе облысы

2026 жылғы 19 наурыз сағат 09:00-де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 шақырым аралығындағы учаскесінде («ЭКО Ойл» ЖҚС — Ырғыз ауылы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады.

2026 жылғы 19 наурыз сағат 09:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады

Қарағанды облысы

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысы шекарасы).

Павлодар облысы

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы автожол тасжол трасса жол ашылды