Ерлікпен қаза тапқан бапкердің шәкірті Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін, 06:27 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Өткен жылы маусымда құдыққа түсіп кеткен қызды құтқарамын деп, өзі де ажал құшқан ақтөбелік бапкер Нұрбол Бердіғалиевтің шәкірті Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды sportbugin.kz.

Нұрбол Бердіғалиевтің шәкірті Бейбарыс Түзелбаев Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.

"Былтыр еліміздегі еркін күрес әлемі орны толмас қайғыға ұшырады.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында балуандар тәрбиелеп жүрген бапкер Нұрбол Бердіғалиев мезгілсіз қаза тапты.

Ол құдыққа түсіп кеткен қызды құтқарамын деп, көз жұмды. Нұрбол саналы ғұмырын күреске, шәкірт тәрбиелеуге арнаған еді.

Бүгінде оның төл шәкірті Бейбарыс Түзелбаев ел чемпионы атанды. Бапкері шәкіртінің бұл жеңісін көре алмай кетті.

Орнында бар оңалар… Нұрболдың атағын оның шәкірттері шығарары сөзсіз", - делінген басылым жариялаған ақпаратта.