Қазақстандық продюсер әрі қоғам белсендісі Баян Алагөзова әлеуметтік желіде тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өз жазбасында соңғы уақытта жиі қолданылып жүрген діни сөз тіркестеріне тоқталып, қазақ тілінің байлығын алға тартқан.
«Бұрын біз “МашАлла”, “Әлхамдулилла” деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл ғой, мұндай сөздерсіз де болады емес пе?..» – деп жазды ол.