Мемлекет басшысы Қазақстан мен Аустрия арасындағы реадмиссия келісімін ратификациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.