16 ақпан күні сағат 19:30 шамасында №22 мекеменің кезекші бөліміне тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің аумағына өткізуге тырысқан азаматты ұстау туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға "Заслон" республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында болдвы. Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мекеме қызметкерлерімен бірге №1 учаскенің іргелес аумағына зат өткізбек болған азаматты ұстады.
Жеке тексеру кезінде ұсталған адамда иісі ерекше жасыл түсті өсімдік тектес заты бар екі конволюция, сондай-ақ қуаттағышы бар Wi-Fi маршрутизаторы табылды.
Осы факт бойынша процессуалды іс- шаралар жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталады.