Ақтөбеде дүкеннен 18 айфон ұрлаған жігіт ұсталды

Бүгін, 15:25 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтөбеде полиция 15 млн теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

5 наурыз күні түнгі уақытта Ақтөбедегі дүкендердің бірінде телефон ұрлығы болған. Белгісіз азамат кіреберістегі есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне заңсыз кіріп, 18 телефонды ұрлап кеткен. Кәсіпкердің бағалауынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған кезде қолға түсті.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде барлық телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тэгтер:

Ақтөбе ұрлық Дүкен айфон