«ҚазАвтоЖол» филалдарының бірінің бұрынғы басшысы сотталды

Бүгін, 12:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

2024 жылы «КАЖсервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалында лауазымдық міндеттерін іс жүзінде атқармаған тұлғаларды жалған жұмысқа рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Нәтижесінде оларға заңсыз еңбекақы төленген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылыққа филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы үкімімен аталған тұлға «лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Прокуратураның апелляциялық наразылығы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, жазаны 3 жыл 6 айға дейін күшейтті. Сонымен қатар келтірілген 6,7 млн теңге көлеміндегі залал өндіріліп, бүгінгі күні толық көлемде өтелді.

Тэгтер:

Қазавтожол