Қарағандыда курьерден 3 келіге жуық психотроптық зат тәркіленді

Бүгін, 12:30 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қарағандыда полиция облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті қала маңындағы елдімекендердің бірінде жасырын қойылған есірткіні алу кезінде анықталған. Одан кейін ол такси шақырып, Қарағанды қаласына бағыт алған.

Алайда жолда полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жолаушы өз еркімен ішінде ұнтақ тәрізді зат бар алты полимерлі пакетке салынған ораманы тапсырды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 3 келіге жуық болатын A-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Ұсталған адам берген мәлімет бойынша күдікті анонимді жетекшісінің нұсқауымен әрекет етіп, тыйым салынған затты басқа жерге жеткізуді көздеген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.