Сырдарияда су деңгейі көтерілу қаупі бар

Сырдарияда су деңгейі көтерілу қаупі бар

Сырдарияда су деңгейі көтерілу қаупі бар
ашық дереккөзі
Сырдарияда су деңгейі көтерілу қаупі бар, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Қазіргі уақытта өзен бастауындағы мұздықтар еріп, Қайраққұм, Шыршық су қоймаларынан секундына 2 мың текше\метр су төмен тасталып жатыр. Қазірдің өзінде Шардара мен Көксарай лық толы. Сала мамандары бұл ретте тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Қазіргі таңда судың белгілі мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзеніне бағытталған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы аумағындағы ішкі арналардың өткізгіштігі мен қабылдау мүмкіндігін арттыру қолға алынды. "Өзбекстан территориясындағы Арнасай ойпатына суды жібереміз деген болжам бар. Келісім де бар. Сондықтан біз барлығына дайынбыз. Шіркейлі каналы су ашуды бастады. Әйтекке егіске байланысты 25 сәуірден бастап су алынады. Қараөзек қазіргі таңда секундына 110 текше\метр су алып жатыр. Бұл ары қарай жалғасын таба береді», – дейді  Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов.