Ақтауда әйел адам бесінші қабаттан құлап кетті

Бүгін, 23:43 / Өтей Торғайұлы

Ақтау қаласының 28-шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйелдің жағдайы аса ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облыстық ауруханасының хабарлауынша, 1991 жылы туған зардап шегушінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, болжам көңіл көншітпейді.

Дәрігерлер науқастың алдын ала диагнозын жариялады: көптеген жарақат, жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалуы, төменгі жақ сүйегінің жабық сынуы, төменгі ерін мен иек тұсындағы жыртылып-көгерген жаралар, сол жақтағы VI–VII қабырғалардың жабық сынуы, ортан жіліктің ашық сынуы, травмалық шок.

Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жария етілмеді.

Сондай-ақ әйелдің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды.

Тэгтер:

Ақтау Әйел