"Күн күңіренеді": Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Алау жайында жазба жариялады

Бүгін, 22:17 / Өтей Торғайұлы
Жұлдыз Әбдікәрімованың парақшасынан алынған сурет

Бүгін - акрисаның қызы Алаудың туған күні. Осыған орай Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде қызы жайлы жазды , деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ақылды бұзығымның туған күні! Қызым менің, сен күлгенде әлем гүлістанға айналады, сен қабақ түйгенде күн күңіренеді, сен еркелегенде жүрек жылиды. Кейде ересек адамдай ойға батасың, кейде бөпедей сақ-сақ күлесің, кейде бойжеткендей ыңылдап әндетесің. Білесің бе бәрі де өзіңе сондай жарасымды. Сен менің үздік нұсқамсың. Ата-анаңның бойынан бар жақсыны, ата-әжелеріңнен бар асылды Жаратқан жиып-теріп саған дарытқандай. Өмір жолың ашық, жасың ұзақ болсын. Біз сенің қолдаушың, қорғаның боламыз. Отбасың сені жақсы көретінін білгейсің!", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары оның бұл жазбасына жылы лебіз білдіріп, Алауды туған күнімен құттықтап жатыр.

Тэгтер:

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Алау