Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Бүгін, 21:10 / Өтей Торғайұлы

Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
 

Тэгтер:

Жол апаты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы