Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың туысы Айханым Әлиханқызы отбасында болып жатқан ауыр жағдай жайында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Қазіргі болып жатқан жағдайға отбасымызбен алаңдап жүрміз. Алла жеңілдігін беріп, барлығы тез шешіліп кетсе екен деп тілейміз. Қайын ағам мен абысынымның бастарына түскен сынақтан еш сүрінбей өтсін деп дұға етеміз. Алла Тағала отбасымызға берекесін берсін. Біреудің қайғысына қуанып жатқандар да бар екен... Ондай сәтте әркім өз басына да сондай сынақ келуі мүмкін екенін ұмытпаса екен. Сондықтан бір-бірімізге тек жақсылық тілеп, қолдау көрсетейік", - деп жазды Жанәбіловтердің кіші келіні Айханым Әлиханқызы.
Еске салайық, 13 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогер жұп — Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталды. Оларға Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.