Боранда 4 шақырым жаяу жүріп, жүргізушілерге көмектескен мұғалім марапатталды

Бүгін, 17:45 / Інжу Әлихан
Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайда азаматтық жауапкершілік танытқан өңір тұрғынын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амрин «Ақсу–Павлодар» автожолында қатты боран кезінде адамдарға көрсеткен көмегі мен жанашырлығы үшін Мария Бедринаға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Еске салайық, биылғы наурыз айында қатты боран мен көріну шегінің төмендігі жағдайында Мария Бедрина қар басқан трасса бойымен жаяу шамамен төрт километр жүріп өтті. Ол жүргізушілерге қар құрсауынан шығуға көмектесіп, автоколоннаны бағыттады.

Оның іс-әрекеті батылдық пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады