Өскеменде абақтыға Wi-Fi құрылғысын алып кірмек болған азамат ұсталды

Бүгін, 17:13 / Алуа Арман
Ұлттық ұлан

Өскемендегі абақтылардың біріне тыйым салынған заттарды алып кірмек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мекеме қызметкерлерімен бірге №1 учаскенің іргелес аумағына зат өткізбек болған азаматты ұстады.

Жеке тексеру кезінде ұсталған адамда иісі ерекше жасыл түсті өсімдік тектес заты бар екі конволюция, сондай-ақ қуаттағышы бар Wi-Fi маршрутизаторы табылды.

Осы факт бойынша процессуалды іс- шаралар жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталады.

Тэгтер:

Өскемен абақты