«Almaty Arena» мұз сарайында «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобы өтті. Бір мезетте 11 500 оқушы домбыра тартып, Наурыз мейрамына орай ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дайындық жұмыстары бірнеше ай бұрын басталды:
- 200-ден астам мектеп пен қосымша білім беру ұйымдарында біріккен домбыра ансамбльдері құрылды
- флешмобқа 7-10 сынып оқушылары қатысты
- шамамен 1000 педагог бірнеше апта бойы оқушыларды ортақ қойылымға дайындады
Мұнда бір ғана күй емес, арнайы дайындалған попурри орындалды. Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев шығармалары, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері және Құрманғазының «Балбырауын» күйі заманауи өңдеуде орындалды. Қойылымға заманауи технология арқылы жасанды интеллект негізінде авторлық бейнемазмұн әзірленді.
Рекорд Қазақстан рекордтар кітабының сарапшылары рекордты ресми түрде тіркеді: қатысушылар саны, орындау үйлесімділігі мен ұзақтығы тексерілді. Қорытынды — «Жаппай жетістіктер» санаты бойынша жаңа рекорд.