12 наурыз күні Ақтөбенің орталығындағы қоқыс алаңдарының бірінен сөмке табылды. Сөмкенің ішінен ер адамның мәйіті шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
55 жастағы ер адамның мәйіті №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңы аумағынан табылған. Куәгерлердің айтуынша, мәйіт бірнеше күн бойы белгісіз біреу қоқыс жәшіктерінің жанына тастап кеткен қытай сөмкесінде жатқан.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бірге спирттік ішімдік ішкен кезде араларында жанжал туындап, оның барысында күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді», – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.