Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла HS-70 тұғырында бақ сынап, 251,5 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз алтыннан алқа тақты.
Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (242,3 ұпай) бұйырды. Тағы бір қазақстандық Александр Филоненко 249,6 ұпаймен үшінші орынға ие болды.