Халқымыз таңдаған жаңа Конституция Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашады – Президент

Бүгін, 14:34 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент жаңа Конституция елдің жаңа даму кезеңіне жол ашатынын айтып, алдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамда бірлік пен тұрақтылықтың маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Азаматтарымыз таңдаған жаңа Конституция Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашады!

Қазақстан – аяғына нық тұрған, халықаралық беделі биік мемлекет. Еліміз ішкі тұрақтылығын сақтап, өзге жұртпен достық қатынас орнатып, зор сеніммен алға қарай қадам басып келеді.

Енді мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түседі. Сондықтан бізге татулық пен достық, сабырлық пен табандылық, жасампаздық пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен сенімділік ауадай қажет.

Біздің биік мақсаттарымыз, нақты жоспарларымыз бар. Көп созбай бәріміз осы міндеттерді іске асыруға кірісуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында.