ҚМДБ Айт намазының кестесін жариялады (ФОТО)

Бүгін, 12:39 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан бойынша Айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылды. Ораза 19 ақпанда басталды және 19 наурызда аяқталады.