Шымкентте күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен – 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен.
Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі "сатушымен" байланысып, көрсетілген шотқа ақшаны аударған. Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға онлайн сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар және хабарландырулардың шынайылығын мұқият тексеріңіздер.