Екі облыста жол ашылды

Бүгін, 10:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы екі облыста көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 17 наурыз сағат 10:15-те келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Ақтөбе облысы

- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы — Қостанай облысының шекарасы).

Қостанай облысы

- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234-320 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Бестөбе ауылы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы автожол тасжол трасса