Отандық көлік өндірісі дамуда
Отандық көлік өндірісі дамуда
Соңғы 2 жылдан бері қазақстандық көлік өндірісі дами түсті, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Мұндай деректер Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдемесінен белгілі болды.
Олег Алферовтың айтуынша, 16,4 миллиард теңгеге автокөлік құралдарының 3405 бірлігі шығарылған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге көп. Биыл 204 автокөлік Қытайға экспортталған.
Олег Алферов қазақстандықтардың электромобильге көшуі туралы да пікірімен бөлісті.
«Өткен жылдың қортындысы бойынша ел төңірегінде 35 электромобиль сатылған. Ал осы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша 12 электромобиль сатылды. Оның басым көбі премиум класстағы көліктер. Басқа сөзбен айтқанда, қазақстандықтар үшін бұл әдеттегідей астамшылықтың белгісі болып отыр», – дейді «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов.