Оралдағы жатақхана өрті: Ер адамның мәйіті табылды

16 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Оралда жатақхана өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

15 наурызда Чурин көшесінде орналасқан жатақханадан өрт шықты. Ғимараттан 40 адам, оның ішінде 5 бала өз бетінше эвакуацияланған..

«Өртті сөндіру барысында газдан улану белгілері бар 1969 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өртке төсекте темекі шегу себеп болған. Тілсіз жауды оқшаулауға департаменттің 18 жеке құрамы мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды», — дейді өрт сөндірушілер.

Тэгтер:

Орал өрт