ҚПЛ: «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбеден» басым түсті

16 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
Фото: ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу Орталық стадионда өтті. Ойынның бас төрешісі қостанайлық Санжар Искаков болды.

Матч барысында қос команда бір-біріне бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Үзіліске дейін қонақтарды бірнеше рет Александр Заруцкий құтқарып қалды. Алматылықтар басымдыққа ие болғанымен, оны ұзақ уақыт голға айналдыра алмады. Тек Дастан Сәтбаев алаңға шыққаннан кейін Даниэль Сосадан допты тартып алып, чемпион командаға жеңіс сыйлады. Есеп — 1:0.

Тэгтер:

Ақтөбе Қайрат Дастан Сәтбаев