Асу Алмабаев бесінші рет әке атанды

Бүгін, 20:44 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев бесінші рет сәби сүйді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қуанышты жаңалықты спортшы өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, Асудың шаңырағында қыз бала өмірге келген. 

«Қызым — сен мен үшін Ерекшесің», — деп жазды Алмабаев жазбасының астында.

Алмабаев отбасын басты құндылығы санайды және жеке өмірінің егжей-тегжейін көпшілікке сирек жариялайды.

Айта кетейік, қазіргі сәтте қазақстандық спортшы UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде жетінші орында тұр.

Тэгтер:

сәби қыз Асу Алмабаев