«Қойшы бала» лақап атымен танылған Айдос Кәден тыңдармандарын жаңа әнмен қуантты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші бұл жолғы әнін ағасына арнаған. Алайда, аға туралы әннің нақты кімге арналғаны белгісіз. Ол жаңа әнді орындаған видеосын әлеуметтік желіге "Аға" деген сипаттамамен ғана жариялаған. Ал көпшілік мұның кімге арналғанын білмей дал болды.
Тек пікір алаңында Әлібек Боранбай есімді блогер ағаға арнап ілтипат білдірген ән авторына "Мен де сені жақсы көремін" деп жауап қайтарған. Әнші бұл пікірге лүпіл басып, кері байланыс танытқан. Әннің нақты бір адамға арналғанын немесе арналмағанын айқындау қиын. Сондықтан болар көпшілік түрлі сұрақты жаудырған.
"Жігерді лақтырдың ғой бұл бала. Жас қой ешнәрсенің мағынасын білмейді", "Жігерге арнап айтылған ба?", "Сен үшін қатты алаңдаймын. Дауысың тамаша. Бірақ орныңды таппай жүрсің. Жігер ағаңа жақында. Ол жаман адам емес. Бәрі қателеседі", "Ағаңның атын айтсаңшы" деп жазды желі қолданушылары.