Балалар спортын қаржыландыру екі есеге өседі

Бүгін, 19:09 / Дана Ізтілеуова

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжатта балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне көшіру қарастырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру жүйесін жаңғыртуға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеген болатын.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін арттырады. Мысалы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыны дайындауға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Ал қазіргі таңда сметалық қаржыландыру жүйесінде бұл көрсеткіш шамамен 233 мың теңгені құрайды.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданатын отырған жалғыз мемлекеттік орган. Сондықтан саланы басқару тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу жоспарланған еді.

Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар Республикалық бюджеттік комиссия қолдады, сондықтан қосымша қаражат жергілікті бюджет есебінен қарастырылады.

Елдегі барлық бала мен жасөспірім спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесі биылдан бастап енгізіледі.