Жаңа Конституция волонтерлік ұйымдардың жұмысын кеңейтуге мүмкіндік береді

Бүгін, 18:02 / Дана Ізтілеуова

Ұлттық волонтерлік желінің төрайымы, Мәжіліс депутаты Вера Ким Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Қазақстанда волонтерлікті қолдауды конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл бастама комиссия жұмысы аясында қолдау тауып, кейінгі конституциялық өзгерістерде өз көрінісін тапты.

Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы санының 73,12 %-ын құрады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешімді қолдап дауыс берген азаматтардың саны 87,15%-ды құрады.

Жаңа Конституцияның қабылдануы волонтерлікті дамытуға және волонтерлік қозғалысты нығайтуға кең мүмкіндіктер ашады. Бүгінде волонтерлер әлеуметтік, экологиялық және гуманитарлық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып, ел бойынша мыңдаған жанашыр азаматтарды біріктіріп отыр.

Ұлттық волонтерлік желі волонтерлікті дамыту және волонтерлік ұйымдарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.