Елімізде ең көп бала дүниеге келген өңір белгілі болды

Бүгін, 16:44 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзден

Ұлттық стастистика бюросы ең көп бала дүниеге келген өңірлер тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың 12 айында Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді, оның 51,5% ұлдар, 48,5% – қыздар. 204,9 мың сәби немесе дүниеге келгендердің жалпы санының 61,2% қалалық жерлерде, қалған 130 мың бала – 38,8% ауылдық жерлерде туған.
2025 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,43 құрады. Туудың ең жоғары коэффициенті Түркістан (1000 тұрғынға 22,22 адам), Маңғыстау (21,40) облыстарында және Шымкент қаласында (21,76) тіркелді.
Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге – 27%, сондай-ақ 30-34 жас аралығындағы әйелдерге – 26,1% тиесілі. Былтыр 20 жасқа дейінгі қыздар 10,4 мың баланы, ал 50 жастан асқан әйелдер 148 баланы дүниеге әкелген. 20 жасқа дейін босанған аналардың саны Түркістан облысында басым болса, 50 жастан асып дүниеге нәрсе әкелген аналар саны Алматы қаласында көп.
2025 жылы дүниеге сәби әкелген ананың орташа жасы 29,9 жас болса, алғаш рет босанған аналардың жасы – 25,3 жас.
Былтыр туған балалардың 24% (79,8 мың бала) отбасының тұңғышы атанса, кезек саны бойынша отбасында төртінші болып 53,5 мыңнан астам бала дүниеге келген (жалпы туылғандардан 16%).
2025 жыл ішінде 3 430 егіз дүние есігін ашса, үшемдер саны – 26.