Астанада жоғалған 15 жастағы жасөспірім оңтүстіктен табылды

Бүгін, 17:10 / Алуа Арман

Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім Шымкенттен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«16 наурыз күні жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірім 15 наурыз күні Астанадағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Тэгтер:

Шымкент Астана Жасөспірім жоғалу