Биржада доллар бағасы 486 теңгеге дейін түсті

Бүгін, 17:47 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 4,49 теңгеге төмендеп, 486,2 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 16 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 491,29 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 485,55 теңге, ал сату бағамы – 488 теңге. Астана қаласының айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 484,01 теңгеден сатып алып, 491,01 теңгеден сатады. Шымкент қаласының айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 485,93 теңгеден сатып алып, 487,97 теңгеден сатады.

Еске салсақ, 2 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 4,91 теңгеге өскен, 3 наурызда 3,54 теңгеге төмендеген, 4 наурызда 1,31 теңгеге өскен, 5 наурызда 6,13 теңгеге төмендеген, 6 наурызда 0,62 теңгеге өскен, 10 наурызда 2,25 теңгеге төмендеген, 11 наурызда 1,57 теңгеге төмендеген, 12 наурызда 2,06 теңгеге өскен, ал 13 наурызда 0,02 теңгеге төмендеген.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық