Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақстан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды», - делінген хабарламада.