Шу – Тараз бағыты бойынша қосымша электрпойыз іске қосылады

Бүгін, 17:15 / Інжу Әлихан

Наурыз мерекесі кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6975/6976 «Шу – Тараз» бағытында қосымша электрпойызын тағайындайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Электрпойыз 2026 жылғы 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері қатынайды. Бұл мереке күндері жолаушылар үшін көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қозғалыс кестесі

Шу станциясынан:

Тараз станциясынан:

Электр пойызының құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 352 отыратын орын.

Жол жүру құны

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан комиссиясыз сатып алуға болады, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.