Жамбылда қарауыл басшысы қаза тапты

Бүгін, 15:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 15 наурыз кешке әскери бөлімнің қарауыл бекетінде болған. Ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығына тигізген. Ауыр халде ол Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілген, алайда сол жерде көз жұмған.

Хабарланғандай, екі ер адам да әскери қызметші емес – олар Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері.

«Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешенінің нәтижесінде анықталады», – деп хабарлады ІІМ Әскери-тергеу департаменті.

Тэгтер:

Жамбыл облысы әскери бөлім Қарауыл