Ғалымдардың айтуынша, күн сайын таңертең жасайтын кейбір қарапайым әдеттер ағзаға ,білдіртпей зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы Harvard Medical School мамандары жүргізген зерттеулерде айтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дәрігерлердің пікірінше, ең кең тараған әдеттердің бірі – ояна салысымен телефон қарау. Мамандардың айтуынша, бұл әрекет ағзадағы стресс гормоны кортизол деңгейін арттырып, жүйке жүйесіне қосымша жүк түсіреді.
Сонымен қатар сарапшылар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін тағы бірнеше таңертеңгі әдетті атап өтті:
– таңғы ас ішпеу;
– аш қарынға кофе ішу;
– таңертең су ішпеу;
– күнді асығыс бастау;
– оянғаннан кейін бірден экранға қарау.
Мамандардың айтуынша, мұндай әдеттер уақыт өте келе иммунитеттің әлсіреуіне, шаршаудың артуына және жүрек пен ми жұмысының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Дәрігерлер күнді дұрыс бастау үшін таңертең бір стакан су ішіп, жеңіл жаттығу жасап, толыққанды таңғы ас ішуге кеңес береді. Бұл гормон тепе-теңдігін сақтап, күні бойы энергия деңгейін жоғары ұстауға көмектеседі.