Ақмола облысындағы кәсіпорын жұмысшыларына 7 млн теңге жалақы төлемеген

Бүгін, 12:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Егіндікөл ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Егіндікөл Су Арнасы» ШЖҚ МКК-нің жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын жалақы берешегі жиналған.

Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Тэгтер:

жалақы жұмысшы кәсіпорын