Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 млн 127 мың 192 адамды немесе 73,12 пайызды құрады.
Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайыз.