Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында бірнеше көше жабылады

Бүгін, 10:57 / Інжу Әлихан
Алматы жолы

Алматы қаласында Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірнеше көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

16 наурыз сағат 03:00-ден бастап 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерді ескерулерін сұраймыз.