Шетелде 12 мыңнан астам қазақстандық референдумда дауыс берді

Бүгін, 08:13 / Нұрлан Әлинұр
СІМ

Шетелде 12 мыңнан астам қазақстандық референдумда дауыс берді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады.

54 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 740 адамды құрады. Бұл - дауыс берушілердің 88,6%-ы.