Референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады – «СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты

Бүгін, 00:33 / Дана Ізтілеуова

«Социс-А» Қазақстандағы жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz. 

«Социс-А» мамандары 2026 жылғы 15 наурызда ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткен күні, дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында exit poll әдістемесі арқылы азаматтардың ерік білдіруінің алдын ала нәтижелерін есептеді.

Сауалнамаға қатысушыларға референдум аясында келесідей сұрақ қойылды: «Сіз жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бердіңіз бе, әлде қарсы пікір білдірдіңіз бе?».

Зерттеу нәтижелері жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бергенін айтқан азаматтар сауалнамаға қатысқандардың 87,4%, сайлау учаскелеріне келу деңгейі 73,8% ал деректердің әлеуметтанулық қателігі