Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, оқырмандарын саяхаттаудан қашпауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, сапар – адамның ой-санасын сергітіп, жүрегін кеңейтетін ерекше тәжірибе.
«Сапар адамның ойын сергітіп, жүрегін кеңейтетін үлкен мектеп. Жолға шыққан сайын жаңа адамдарды, жаңа ойларды және өзіңнің жаңа қырыңды танисың. Егер мүмкіндік болса, кейінге қалдырма – кішкентай болса да сапар жоспарлап, өміріңе жаңа әсер қос», – деп жазды ол.