Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.
Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандарда. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам.
Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген.