Танымал әзілкеш Евгений Чебатков Мәскеуде дауыс берді

Бүгін, 19:27 / Нұрлан Әлинұр
Фото: СІМ

Мәскеудегі учаскеде танымал қазақстандық стендап-комик Евгений Чебатков дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін ғана мен Челябинскіден ұшып келдім және үйге бармай тұрып, референдумда дауыс беруді шештім. Отанымнан алыс, көп уақыт Мәскеуде тұрып жатсам да, менің сана-сезімім қазақстандық болып қала береді. Қазіргі тұрақсыз және аумалы-төкпелі заманда мен мемлекет өміріне қатыстылығымды сезініп, өзімнің азаматтық ұстанымымды танытатын сәттен қалыс қалғым келмейді», - деп пікірін білдірді әртіс.