Зарагүл, Зерегүл, Әлижан мен Әлихан: Малайзияда қазақстандық төртем дауыс берді

Бүгін, 18:57 / Інжу Әлихан

Малайзияда қазақстандық төртем референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зарагүл, Зерегүл, Әлижан мен Әлихан Жайылхандар қазір 19 жаста. Олар Куала-Лумпурдағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүр. Шетелде оқып жүргеніне қарамастан, елдегі қоғамдық-саяси өмірден шет қалмау маңызды екенін айтады.

Айта кетейік, олар Малайзияға білім алуға келген алғашқы шетелдік төртем студенттер.